BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Полиция туған сәбиін зиратта тастап кеткен ананы іздестіруде

Фото: mgorod.kz

Орал қаласының полициясы аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі) бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

БҚО ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі істер органдары сәбидің анасын анықтау бағытында жедел іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, 5 наурыз күні сағат 19:00 шамасында Селекционный ауылындағы зираттың маңынан оқушылар жамылғыға оралған жаңа туған нәрестенің денесін тауып алған. Олар кейін оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақыртқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер