BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Полиция қызметкерлеріне қарсылық танытқан ер адам бас бостандығынан айырылды

Фото: patrul.kz

Алматы облысында полиция қызметкерлеріне күш қолданған ер адам 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі patrul.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2017 жылдың күзінде Кербұлақ ауданындағы Басшы кентінде орын алды. Тәртіп сақшылары профилактикалық жұмыстар барысында Toyota автокөлігін тексермекші болған. Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқанына қарамастан, жүргізуші олардан жасырынғысы келген.

«Қашып кетпекші болған жүргізуші патрульдік машинамен соқтығысқан. Автокөлік тізгінінде 38 жастағы Астана тұрғыны мас күйінде отырған. Ұсталған күдікті сол жерде полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, физикалық қарсылық көрсеткен», - деп түсіндірді Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Айыпталушы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлімі биліктің өкіліне қарсы зорлық-зомбылық қолдану фактісі бойынша кінәлі деп танылды. Кербұлақ аудандық сотының шешімімен, ер адам жалпы режимдегі колонияда 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер