BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Полиция Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші күдіктіні іздестіруде

Фото: ҚР ІІМ

ҚР Ішкі істер министрлігі Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші күдіктіге іздестіру жариялады және бұл жұмысқа жеке құрам мен Ішкі істер департаментінің өзгеде аудандық күштері жұмылдырылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Адам өлтірді деген күдікпен 1994 жылы туылған, Қызылорда облысының тумасы Арман Құдайбергенов іздестірілуде.

Белгілері: бойы 165-170 см, арықтау келген. Қара футболка, сұр джинсы, қара түсті аяқ киім киіп, күннен қорғайтын көзілдірік тағып алған.

«Қылмыскер туралы қандайда бір ақпарат білген жағдайда Алматы қаласы ІІД-ға мына телефондар бойынша 8 (7272) 54-40-42, 54-40-18, 54-41-00, 54-43-66 немесе 102 хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген ведомсвтоның хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денис Теннің өліміне қатысы бар деген күдіктілердің бірі ұсталды.

«Денис Тенді өлтіру дерегі бойынша жедел іздестіру шараларының барысында қылмыс жасады деген адамдар анықталды. Күдіктілердің бірі уақытша тергеу изоляторына қамалды. Екіншісіне қатысты іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Өзге мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Ұсталған күдіктінің аты-жөні Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
13 Желтоқсан 2018, 20:24
Әр нотада шабыт бар
Пікірлер