BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Полиция Астанада Министрліктер үйінің маңын қоршап алды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астанадағы Министрліктер үйінің маңында күдікті сөмке табылғандықтан көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Полиция қызметкерлері өз аумағында жұмыс істеп жүрген. Олар жерде жатқан сөмкені көріп қалады да, сағат 9.40-та Шұғыл басқару орталығына қоңырау шалады. Шақырту орнына ІІД мамандары шығып, сөмкені тексерді және қауіпті ешнәрсе таппады. Сағат 10.15-те аумақтағы қозғалыс қайта қалпына келтірілді. Сөмке Мәңгілік ел және Достық көшелерінің қиылысында табылды. Полиция мәліметтеріне сәйкес, сөмкеде біреудің жеке заттары мен құжаттары болған», - деп мәлімдеді ІІД өкілі Софья Қылышбекова.

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Қазір құқыққорғау органдары сөмкенің иесін іздеп жатыр.

Фото: Бауыржан Жуасбаев


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер