BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Петропавлда жоғалған қыз табылды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған 17 жастағы студентті тапты, деп хабарлайды «Baq.kz» аймақтағы тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық полиция бөліміне 17 жастағы Марина Хрусталеваның ағасы қарындасының жоғалып кеткендігі жайында арызданған. Бойжеткен сейсенбі, яғни қыркүйектің 11-і күні аталған аудандағы Корнеевка ауылында тұратын құрбысына баратынын айтып, үйінен шығып кеткен. Арада бірнеше күн өтсе де, үйіне оралмаған соң, ағасының арызы бойынша тәртіп сашқылары студентті іздеуге кірісті. Іздестіру барысында Марина Хрусталеваның Петропавл қаласында тұратын танысының үйінде екендігі анықталған.

«Жасөспірімдер мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты ата-анасы, жақын туыстарымен жиі жанжалдасады. Мұндай жағдайда үйінен қашып кететіндер де болады. Жуырда Айыртау ауданында да осындай жағдай болып, 14 жастағы оқушы қыз үйіне қайтарылған еді. Марина Хрусталеваны да жуық арада ата-анасының қолына табыстаймыз», - деді СҚО ІІД Қылмыстық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Жыл басынан бері СҚО полицейлері үлкендерге ескертпей кетіп қалып, ата-анасын әбігерге салған 20 жасөспірімі үйіне қайтарда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер