BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Петропавлда көше бұзақылары мемлекетті шығынға батыруда

Фото: Автор

Петропавл, BAQ.KZ тілшісі. Көшедегі қоғамдық көлік аялдамасын қиратқан Петропавл қаласының 44 жастағы тұрғынына 12 мың теңге айыппұл салынды. Жыл басынан Қызылжарда 30-дан астам аялдама, көше шамдары және жарнамалық қалқандарды сындыру фактісі тіркелген.

Коммуналдық қызмет өкілдері шаһарды көріктендіріп әлек болса, қаланың кейбір тұрғындары барды жоқ қылып, қиратып әлек. Көпшілік мұндай әрекетті сипатаудың өзіне қиналды.

«Өзіміздің тұрған жеріміздің әдемі, таза болғаны жақсы әрине. Оған мемлекет тарапынан қаншама қаржы жұмсалып жатыр. Тайлай рет қабырғасы бұзылып, шашылып жатқан аялдамаларды көрдім. Бұны адамның ішкі мәдениетінің төмендігі деп бағалаймын. Одан басқа айтар сөз жоқ. Кейбір адамдардың өздері тұрып жатқан қоғамға осындай зиян келтіруінің себебін түсіне алмаймын», - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Райхан Орынбасарова.

Облыс орталығындағы автобус аялдамаларының бірін қиратқан 44 жастағы ер адамға 12 мың теңге айыппұл салынды. Оған қоса, ол сот шешімі бойынша нысанды жөндеуге кеткен шығынды көтереді. Өзінің арам пиғылын іске асырып жатқан адамды жол-патрульдік полициясының қызметкерлері ұстап алған.

«Мұндай әрекет – ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық деп бағаланады. Осы баппен мейлінше аз жаза 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін бас бостандығынан айыру» - дейді Петропавл қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Шәмшиден Ақышев.

Тәртіп сақшылардың айтуынша, осындай нысандарды қиратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту да көзделген. Аялдама бүлдірудің 13 фактісі бойынша шығын сомасы 200 айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен. Аталған эпизодтар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп –тексеру амалдары жүргізілуде.

Фотолар: Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер