BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Петропавлда екі қызды соғып кеткен «Лексус» жүргізушісі іздестірілуде

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысның полицейлері екі қызды соғып, жол көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен «Лексус» автокөлігінің жүргізушісін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Baq.kz» аймақтағы тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жол-көлік оқиғасы 15 қыркүйек күні таңғы сағат 4:30 шамасында тіркелген еді.

Түнгі клуб жанында жоғары жылдамдықпен жүріп бара жатқан автокөлік жолға қарай бет алған екі қызды соғып кеткен. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлағанындай, қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 2-бабының 345-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарды жүргізіліп жатыр. «Лексустың» жолаушылары мен куәләрдан жауап алынды.

Түрлі дене жарақаттарымен, ес-түссіз ауруханаға жеткізілген екі қызға тиісті ем шаралары жасалып жатыр.

«Жапа шегушілердің бірі облыстық аурухананың, екіншісі Петропавл қалалық 3-ші аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір дәрігерлер ешқандай болжам айта алмайды. Екеуінің де жағдайы ауыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Самат Сапаралы.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша сот сараптамасы тағайындалды. Сотқа дейінгі тексеру материалдары облыстық ІІД Тергеу басқармасына жіберілді. Бұл іс ведомство басшылығының бақылауында», - деді СҚО ІІД баспасөз хатшысы Нұрбек Баекин.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер