BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Петропавлда екі қызды көлік соғып кетті

Фото: интернеттен

Бүгін Петропавл қаласында таңғы сағат 4:30 шамасында «Байсал» моншасының жанында екі қызды «Лексус» автокөлігі соғып кетті. Екеуі де ес-түссіз ауруханаға жеткізілді. Қазір дәрігерлер өрімдей жастардың өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды «Baq.kz» аймақтағы тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға қарағанда топтан бөлініп, жолға қарай беттеген екі қызды жоғары жылдамдықпен келе жатқан жеңіл автокөлік сүйреп әкеткен. Қазір жапа шегушілердің бірі облыстық аурухананың, екіншісі қалалық 3-ші аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

«15 қыркүйек таңғы сағат 05:09-да 1996 жылы туылған 22 жастағы қыз ауруханаға түсті. Ауыр жарақатпен. Ес-түссіз. Жағдайы өте ауыр болды. Қазір жағдайы тұрақты деуге болады, бірақ ауыр. Есін жиды. Сөйлесе алады. Қажетті ем-дом шараларын жасап жатырмыз. Әзірге болжам жасаудан аулақпыз. Екінші қыз облыстық ауруханада емделіп жатыр. Әдетте онда басынан жарақан алғанда жіберіледі. Ол жайында ештеңе айта алмаймын», - деді Петропавл қалалық 3-ші аурухананың жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Дмитрий Флирко.

«Байсал» моншасының жанында жылдамдықты сағатына 10 шақырымнан асыруға болмайды деген жол белгісі тұр. Қазір істің анық-қанығы зерттеліп жатыр.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 2-бабының 345-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарды басталды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сараптама жасалып жатыр», - деді СҚО ІІД баспасөз хатшысы Нұрбек Байекин.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер