BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Петропавл базарында заңсыз спирт сатып жүргендердің жолы кесілді

Фото: Автор

Солтүстік Қазақстан облысы. Baq.kz тілшісі. Петропавл базарларының бірінде спирт саудасымен заңсыз айналысып жүрген күдікті ұсталды. Полицейлер 59 жастағы қарияны сауда жасап жатқан жерінде қолға түсірген.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің «Көршілер бақылауы» тобының сенім телефонына қала базарларының бірінде спит сатылып жатқандығы туралы хабар түскен. Аталған орынға келген полицейлер сатушыны тұтынушысынан ақша алып жатқан жерінде ұстаған. Тінту барысында судагерден 100 литрден астам сұйықтық тәркіленген. Сараптама оның спирт екенін көрсетті.

«Бізге базарда алкогольдік өнімдер заңсыз сатылғандығы жайында мәлімет түсті. Осы ақпаратты тексеру барысында Алкоголь өнімдері тәркіленді. Аталған факті бойынша әкімшілік материал жиналды. Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді», – дейді Петропавл қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Мырзагелді Иманбаев.

Күдікті 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Жыл басынан «Көршілер бақылауы» тобының инспекторлары осындай 6 фактіні анықтаған.

«Профилактикалық топтың сенім телефонына жыл басынан барлығы 2 мыңға тарта түрлі хабарламалар келіп түсті. Оның 865-і бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Олардың басым бөлігі рұқсат етілмеген орындарда сауда жүргізу, иттер мен мысықтарды асырау және көшелерді, аулаларды ластау. «Көршілер бақылауы» бағдарламасының сенім телефоны тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейді. Аты-жөніңізді қалдырғыңыз келмесе, жасырын қоңырау шалуға болады», – дейді Петропавл қалалық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұқатов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер