BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Павлодарда жол апаты кезінде жүргізуші тірідей жанып кетті

Фото: Ашық дереккөз

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласына қарасты Байдала ауылының маңында екі көлік соқтығысып, өртеніп кетті. Тірідей жанған жүргізушінің аты-жөні анықталған жоқ.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің маманы Алма Мұсабекованың хабарлауынша, облыс орталығынан 15 шақырымдық жерде «ГАЗель» жəне «Lada» көліктері соқтығысқан.

«Жол апаты кезінде екі машина толық жанып кетті. Екінші көліктің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Қазіргі уақытты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - дейді Алма Мұсабекова.

Оқиға орнына ТЖД-ның өрт құрылымдары дереу жеткен.

Сала мамандарының айтуынша, өрт санаулы секундтарда туындаған. Құтқарушылардың пайымдауынша, автокөліктер газбен жүруі мүмкін. Апат орнына жеткен мамандар мүрдені криминалистік полиция қызметкеріне берді.

Еске сала кетсек, 28 тамызда Павлодар облысында КамАЗ тізгіндеген жүргізуші тас жолдың бойында 11 сиырды қағып кеткен болатын. Жол-көлік оқиғасы «Омбы-Майқапшағай» халықаралық трассасының 335-ші шақырымынды болды. Нақтырақ айтқанда, Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округіне қарасты Қызылтаң ауылының маңында болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер