BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Павлодарлық дәрігерлер құдыққа құлап түскен баланы құтқарды

Фото: Автор

Палводарлық жедел жәрдем қызметкерлері кәріз құдығына түсіп кеткен баланың өмірін арашалап қалды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 жасар бала суық судан жаурап, шайынды суға тұншығып қалған.

«Жедел жәрдем қызметкерлерінің шұғыл қызметінің арқасында бүлдіршін аман қалды Оқиға демалыс күні Ақсу қаласының ауылдық аймағына қарасты Береке ауылында болды. Әрең дем алып жатқан баланы құдықтан төтенше жағдайлар департаментінің мамандары алып шықты. Ұл бала қатты тоңып қалған. Оған дем алу жолдарының аспирациясы диагнозы қойылды», - деп хабарлады станцияның мамандары.

Реанимациялық іс-шаралардан кейін бала Ақсу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде бүлдіршін Павлодар қаласындағы облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр. Зардап шеккен бала облыс орталығына санавиация арқылы әкелінді.

Облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Алмас Мекишевтің айтуынша, өңірде санитарлық авиация іске қосылғаннан бері былтырғы жылмен есептегенде 200-ден аса адамға көмек көрсетілді.

Санитарлық авиация желісі бойынша биылғы жылдың сегіз айының ішінде 300 адамға көмек көрсетілді.

«Қазіргі таңда облыста санитарлық авиацияның үш түрі қызмет етеді. Реанимобиль, тікұшақ және ұшақ түрлері қолданыста. Құралдар ең озық үлгідегі заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мамандар алғашқы көмектен бастап күрделі реанимациялық шараларды жүргізеді», - дейді маман.

Айта кетейік, Павлодардың жедел жәрдем стансасында 165 дәрігер қызмет етеді. Олардың 80-і санавиацияға бекітілген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер