BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Павлодарда түнде бірнеше нысанның төбесі өртеніп кетті

Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Павлодар қаласында жекеменшік сектор аумағындағы екі үйдің төбесі тұтастай өртеніп кетті, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Оқыс жағдай Екінші Павлодар шағын ауданындағы Омская көшесінде болды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабаралуынша, өрт жекеменшік үймен жапсарлас орналасқан нысанның ішіндегі пештен шыққан. Кейін үй мен гараждың төбелеріне және көршілес баспанаға ауысқан.

«Қызыл жалын жалмаған аумақтың көлемі шамамен 200 шаршы метрді құрайды. Өрт үш сағаттың ішінде аузыдықталды. Оқиға орнында департаменттің 36 өрт сөнірушісі жұмыс істеді. Сонымен қатар, алты арнайы техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінің маманы Марал Сағынаева.

Алдын ала болжам бойынша өрттің тұтануына пеш жылыту құралын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау себеп.

Оқиға кезінде зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ.

Айта кетейік, Павлодар облысында үстіміздегі жыл басынан бері 600-ге жуық өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 60 млн. 435 мың теңге көлемінде материалдық шығын келді. Өртте 20 адамның көз жұмып, 18 адам түрлі жарақат алған. Бүгінгі таңда өрт сөндірушілер облыстың тұрғын үй секторында профилактикалық шараларды қолға алды. Алдын ала жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғасады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер