BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Павлодарда өртенген моншадан әйел мен екі баланың мүрдесі табылды

Фото: ptzgovorit.ru

Обдлыс орталығында өртенген жазғы асүй ғимаратынан бір әйел мен екі баланың мүрдесі табылды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Марал Сағынова хабарлайды.

«Потанин көшесінің бойындағы жекеменшік үйдің аумағында моншаға жақын орналасқан жазғы асүй өртенді. Қызыл жалын тез арада ауыздықталды. Өрт 20 шаршы метрлік аумақты шарпыды. Моншадан үш адамның мүрдесі табылды», - деп хабарлады өрт сөндірішулер.

Мамандардың мәліметінше, көз жұмған азаматшаның бірі 30 жастағы әйел, ал екеуі 7 және 4 жастағы балалар болып шықты. Өрт сөндірушілер ғимараттың өртенуіне асүйдегі электр тарату сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін деген пікірде.

Павлодар облыстық ТЖД өрт саласындағы қауіпсіздікті бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Серік Ысқақовтың мәліметінше, биылтырғы жылдың бірінші тоқсанында 163 өрт тіркеліп, 19 млн теңгеден астам сома шығын келтірілді. Салдарынан 12 адам қайтыс болып, 11 азамат түрлі жарақат алған.

Оқыс жағдайлардың негізгі себептері қатарында тұрғындардың абайсыздығы, электр құралдарын қолдану мен монтаждаудағы олқылықтар, сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау бар. Өрт кезінде көз жұмғандардың барлығы әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын азаматтардың үйлерінде тіркелген. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес ажал құшқан 12 адамның сегізінің қанында ішімдік болғаны анықталған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер