BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Павлодарда медициналық анықтамаларды 3000 теңгеге сатып алуға болады

Фото: автордан

Павлодар қаласында медициналық анықтамаларды саудалаумен айналысқан бірнеше емхана анықталды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаментінің мамандары әлеуметтік желілердегі хабарландырулар бойынша тексеріс жүргізді.

Ведомствоның сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының басшысы Назымбек Бекжановтың айтуынша, арнайы мониторингтік топ «Жасырын сатып алушы» әдісі арқылы бірқатар емханаларда болып, заңға қайшы келетін әрекеттерді әшкереледі.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Услуги Павлодар» қауымдастығында «Продажа медицинских справок» атты хабарландыру жарияланған. Павлодар қаласының тұрғыны №4 емханасына тиесілі медициналық анықтамаларды тұрғылықты мекенжайы бойынша 2000 теңгеден сатқан», - дейді Назымбек Бекжанов.

Осы тектес жағдай Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық, Екібастұз қалалық емханаларында тіркелді. Емдеу мекемелерінде №086/у нұсқасындағы медициналық анықтамалар 2000-3000 теңгеден сатылған.

«Бұдан бөлек, Павлодар қаласының №4 емханасында «Жасырын сатып алушы» тәсілімен 8000 теңгеге өткен мерзіммен рәсімделген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы сатып алынды. Бұл жайт азаматтардың жұртшылық арасында «тұрмыстық жемқорлықтың» таралуына мүмкіндік тудыратыны анық. Біз денсаулық сақтау басқармасына жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сыртқы талдау жүргізу туралы шешім қабылдадық», - дейді басқарма басшысы.

Ал анықтамаларды сақтау емхана өкілдеріне қатысты тиісті шара қолданылады. Сонымен қатар, салалық басқарма тарапынан арнайы мониторингтік топ құрылады.

Айта кетейік, бұл саладағы алғашқы тексеріс емес. Бұған дейін мамандар облыстағы ауруханаларда болып, ақылы медициналық қызметтердің бағасын негізсіз көтерілуін анықтаған. Кейін ақылы қызметтерге бірыңғай тарифтер енгізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер