BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Павлодарда мас ер адам көлігімен әйелді қағып кетіп, суға батырып жіберген

Фото: bloknot.ru

Ол бұл қылмысы үшін бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылы 21 қазан күні Башмақ ауылындағы «Керім» дәмханасында сотталушы К достарымен бірге ішімдік ішкен. Ол мас күйінде ВАЗ-2104 маркалы көлігіне отырып, жаяу жүргіншілер жолағында әйелді қағып кеткен. Көлік қаққан әйел жол жиегіне құлайды.

Сотталушы зардап шегушіні көлігіне отырғызып, көлігін суға қарай бағыттайды да, өзі көліктен секіріп кетеді. Ол кезде зардап шегуші әйел әлі тірі болатын. Сараптама дәлелдегендей, ол суға тұншығып қайтыс болған.

Арнайы мамандандырылған ауданаралық сотта К қылмыстық ісі үшін ҚР ҚК 104-бабы, 1-бөлігі бойынша (байқаусызда адам өлтіріп алу) кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол қауіпсіздігі төмен түзету мекемесінде жазасын өтейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер