BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Павлодарда ер азамат 10-қабаттан құлап мерт болды

Фото: pavon.kz

Павлодарда 30-жастағы жігіт 10-қабаттан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі pavon.kz порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғаға тұрғындар куә болған. 30 жастағы жігіт Майра көшесіндегі үйдің 10-қабатынан құлап, мерт болған.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға туралы дәрігерлер сағат 15:10-де білген. Дәрігерлер ер адамның өлімін растап отыр.

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер