BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Павлодарда «дәрігерлердің» көшедегі адамды ұруына қатысты оқиға тексерілуде

Павлодар облысында жүргіншіні соққыға жыққан «дәрігерлердің» ісі тексеріліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Павлодар облысында жедел-жәрдем қызметкерлерінің жүргіншіні ұрып-соққаны түсірілген видео тараған болатын.

«Павлодар қаласында жедел медициналық көмек киімін кигендердің жүргіншіні соққыға жыққаны туралы роликтің БАҚ-та және интернет желісінде жариялануына және таралуына байланысты қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде, аталған оқиғаға жедел медициналық көмек станциясының бір де бір қызметкері қатыспағандығы дәлелденді», - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Осы факті GPS-трекерлердің көрсеткіштерімен дәлелденген. Оқиға кезінде аталған ауданда жедел көмек көліктері болмаған.

«Видеода көрсетілген оқиға қатысушылары медициналық ұйымдарға медициналық қалдықтарды жинау үшін келген жеке фирма қызметкерлері болып шықты», - деп жазылған.

Қазіргі таңда, барлық ақпараттар оқиғаның мән-жайын әрі қарай анықтау үшін Павлодар қаласының ІІД-не берілген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер