BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Павлодарда бес көлік соқтығысып қалды

Фото: gorod24.online

Павлодарда бірнеше көліктің қатысуымен болған жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Таңертең сағат 08.40-де Бектұров көшесінде «BMW» және «Lada Granta» маркалы екі автокөлік қақтығысқан. Соның салдарынан қасындағы тұрақтағы үш автокөлікке соғылған «Lada Granta» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілген. Аталмыш фактіге қатысты тексеріс жүргізілуде», - деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, № 1 қалалық ауруханаға жүгінген 1982 жылғы ер адамның бас сүйегі мен білегі жарақттанған. Ауруханаға жатудан бас тартқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер