BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Павлодарда 5 жасар бала өрт салдарынан қаза тапты

Павлодарда бес жасар бала газдан уланып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 наурыз күні Ақсу қаласында сағат 17:01 шамасында бес қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Өрттің аумағы бес шаршы метрді құрады. Өрт 17:15-тен бастап сөндіріліп, сағат 17:20-да толықтай ауыздықталды. Өрт салдарынан газдан уланған 2012 жылы туған бала ауруханаға жеткізілгенімен, ол сол жақта көз жұмды», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, бала жан сақтау бөлімінде көз жұмған.

ТЖД баспасөз қызметінде мәлім еткендей, өрт орнына облыстық ТЖД-ның тоғыз қызметкері мен үш дана техникасы жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына бала ұқыпсыздығы себеп болған. Десе де, әлі де нақты себептері анықталып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер