Павлодарда 5 көлік соқтығысты - Оқиға|10 Тамыз 2018, 10:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Павлодарда 5 көлік соқтығысты

Жол апаты салдарынан 36 жастағы ер азаматқа медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Павлодар облысы ІІД-нің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы бейсенбі күні сағат 08:40-та Бектұров көшесінде болған.

«Алдымен BMW және Lada Granta көліктері соқтығысқан. Кейін Lada Granta автотұрақта тұрған үш көлікті зақымдаған. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізілуде», - делінген агенттіктің полицияның баспасөз қызметіне жолдаған сауалында.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратқа сәйкес, жол апатынан зардап шеккен Lada көлігінің жүргізушісі қаладағы бірінші ауруханаға жеткізіліпті.

«Пациент жабық бас сүйек-ми зақымдады және білегін жарақаттады. Ол ауруханада жатудан бас тартты», - дейді аталған ведомствоның баспасөз хатшысы Элмира Темірғалиева.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер