BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Павлодарда көрпеге оранған 2 жасар бала тұншығып өлді

Павлодар ауданына қарасты Красноармейка ауылында 2 жасар сәби көрпеге оралып, тұншығып қалды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Қайғылы оқиғаның болғанын облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының өкірдері растады.

«Красноармейка ауылдық амбулаториясына шақырту сағат 17.05-те түсті. Араға 10 минут салып, медицина мамандары оқиға орнына дереу жетті. Өкінішке қарай, сағат 17.15-де дәрігерлер 2016 жылы туған баланың биологиялық өлімін тіркеді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Салалық ведомство мамандарының хабарлауынша, ұл баланың өлімі туралы ақпарат Павлодар аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдеріне жолданды. Сәбидің мүрдесі бойынша сот-медициналық сараптама жүргізілетін болады.

Еске сала кетсек, бір күн бұрын отқа оранған моншаның ішінен 7 және 4 жасар екі баланың мүрдесі табылған болатын. Тілсіз жау Павлодар қаласындағы жекеменшік секторының бірінде болды. Тапа тал түсте жазғы ас үйдің ғимараты өртеніп, 29 жастағы әйел екі баласын шомылдырып жатқан күйі ажал құшты. Балалар орамалға оралған күйі табылды.

Марқұмдармен қоштасу рәсімі бүгін өтеді. «Жас Отан» жастар қанаты мен еріктілер белсенділері көмек қолын созған.

«Отағасын жерлеу кезінде адамдарды Павлодардан Мойылды ауылына дейін тасымалдайтын көлік тауып беруді сұрады. Біз көмек бердік», - дейді жастар қанатының төрайымы Санира Жүсіпова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер