BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Павлодар облыстық мәдениет басқармасының басшысы жол апатынан көз жұмды

«Павлодар-Семей» жолының бойында Черное ауылының жанындағы тас жолдың бойында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, бір отбасы бүтіндей көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Черное – облыс орталығынан 70 шақырымдық жерде орналасқан ауыл. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты жанар-жағармай станциясы орналасқан жерде болған. Олардың қатарында Павлодар облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының 37 жасар басшысының жанұясы бар. Бұл жайтты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Көліктің ішінде жолдасы мен үш жасар ұлы болған. 53 жасар жолаушы да оқиға орнанда мерт болды. Азаматша – Черное ауылының тұрғыны.

Елді мекеннен бір шақырымдық жерде төрт адам қайтыс болып, екеуі ауруханаға жатқызылды. 57 жасар ер азамат мен оның 27 жасар қызы Аққу аудандық ауруханасына жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева төрт азаматтың көз жұмғанын растады.

«Зардап шеккен екі жолаушы орта деңгейдегі жарақат алды. Алдағы уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіледі», - дейді баспасөз хатшысы.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін түнгі 00.20 минутта болған. «НОWО» және «BMW» маркалы жеңіл көліктері соқтығысты.

«НОWО» көлігінің жүргізушісі уақытша қамау изоляторына қамалды. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады полиция органы.

Ардақ Райымбеков еңбек жолын 2004 жылы қатардағы ауыл мұғалімінен бастады. 2007-2010 жылдар аралығында Железин ауданының мемлекеттік органдарда қызмет етті. Әр жылдары облыс әкімінің баспасөз қызметі, Қашыр ауданы және Ақсу қалалық мәдениет бөлімдерінің басшысы, Ақсу қаласы және Май ауданы әкімдері аппаратының басшысы қызметтерінде болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер