BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Павлодар облысында жол апатынан жеті адам зардап шекті

Фото: uralskweek.kz

Астана, BAQ.KZ. Жол-көлік оқиғасының біреуі Павлодар – Астана, екіншісі облыс орталығында болған. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, жүргізуші мен үш жолаушы әртүрлі жарақат алған.

«Жол-көлік оқиғасы кеше, сағат 14.19-да тіркелді. 55 жастағы азаматтың оң жақ бұғанасы мен бірнеше қабырғасы сынған. 38 жастағы адамның бас сүйек-миы зақымданып, миы шайқалған, сол жақ білегі сынған, көптеген жарақаттар бар. 34 жастағы тұрғынның екі жақ қабырғалары сынған, бас сүйек-миы зақымданып, миы шайқалған», - дейді Эльмира Темірғалиева.

Үшеуі де Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылған. 39 жастағы ер адам ауруханаға барудан бас тартқан.

«Жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тексеріс жүргізілуде», - дейді полиция департаментінде.

Бұдан басқа, Кіші айналым – Толстой көшелерінің қиылысында тағы бір жол апаты орын алған. «Volkswagen Transporter» және «Audi» автокөліктері соқтығысып қалған.

«Нәтижесінде «Audi» көлігінің 39 жастағы жүргізушісі мен жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізілуде», - дейді полиция департаментінде.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, жүргізушіде жабық бас сүйек-ми сынығы, бас миының шайқалуы тіркелген. 39 жастағы жолаушының омыртқасының бел жақ бөлігі жарақаттанып, сол жақ қабырғалары сынған. Екеуі де № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген. 13 және 14 жастағы жолаушылар жабық бас сүйек-ми сынығы, бас миының шайқалуы диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер