BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Павлодар облысында тұтастай отбасының өліміне себепші болған жүргізуші ақшалай кепілдікпен босатылды

Фото: Kursiv.kz

Екі айлық сәби мен ата-анасының өмірін жалмаған қайғылы оқиға Павлодар-Қызылорда тасжолында болған. 59 жастағы ер адам мас күйінде Toyota маркалы көлігіне отырып, жолдың қарсы жолағына шығып, басқа жеңіл көлікті қағып кеткен. Соның салдарынан ерлі-зайыптылар мен олардың екі айлық ұлдары қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Отбасы мүшелерінің қаза табуына себепші болған мас жүргізушінің ісі аймақ тұрғындарын таңғалдырды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу изоляторына жіберілді. Бірақ Екібастұздағы сот оны 1 миллион 200 мың теңге көлеміндегі ақшалай кепілдікпен босатты. Қаза тапқан отбасының туыстары кінәлі адам сот үкімін тергеу изоляторында күтуін талап етуде.

«Ол қазір аман-есен үйінде жатыр. Көлік апаты салдарынан алған жарақаты да жоқ, еш жері сынған да жоқ. Оның кінәсінен 3 жазықсыз адам қаза тапты. Оны кепілдікпен босатты. Біз оның не үшін босатылғанын түсінбейміз!» - дейді қаза тапқан келіншектің әпкесі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер