BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Павлодар облысында мектеп өртеніп, 200 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Фото: 24kz

Ертіс ауылындағы №3 орта мектебінің бірінші қабаты өртенген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Оқыс оқиға болған сәтте оқушылар мектепте болған.

«Білім ордасының бірінші қабатындағы техникалық персонал отыратын бөлмеде тұрмыстық заттар өртенген. Қызыл жалын 25 шаршы метрді шарпыған. Мектептегі 230 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 217-сі оқушылар. Өрт толығымен 12:20 сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген», - делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.

Ресми мәліметке сәйкес, өртті сөндіруге жеке құрамның жеті қызметкері және арнайы техника жұмылдырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер