BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Павлодар облысында демалыс күндері үш адам суға батып кетті

Фото: Surfingbird

Павлодар облысында демалыс күндері үш адам суға батып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ақсу қаласы мен Баянанауыл ауданында болған.

«7 шілде күні Жасыбай өзенінде 17 және 18 жастағы жасөспірімдер суға батып кетті. Олардың көзден таса болғаны туралы ақпарат жедел құтқару жасағына сағат 16.15-те түскен. Құтқарушылар оларды бір сағат бойы су астында іздеген. Екінші оқиға Ақсу кентінің Ертіс өзені Белая ағынында 8 шілде күні болған. 25 жастағы келіншек сағат 18.30-да суға батып, оны жергілікті тұрғындар 15 минуттан кейін жағалауға алып шыққан», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның баспасөз қызметінде екі жағдайда да қайғылы оқиға шомылуға орнатылмаған жерде орын алғанын атап өтті. Сондықтан да құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жазғы маусымда су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтап, шомылуға рұқсат етілген жерлерде ғана демалуды сұрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер