BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Павлодар облысында 8 адам суға батып кетті

Фото: Автор

Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы бері 8 адам суға кетіп, ажал құшты. Олардың төртеуі – бала, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Бір қайғылы жағдай Баянауыл ауданының Жасыбай көлінде болды. Екі жас азамат катамаранмен жүзіп, құтқару жилеттерін кимеген болып шықты. Құтқарушылардың айтуынша, жел көтерілген сәтте катамаран аударылып кеткен. Салдарынан екі адам суға кетті. Алдын ала болжам бойынша 17 және 16 жасар жігіттер ағайынды болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, су көлігі аударылған жердегі тереңдік жеті метрден асады. Қазіргі уақытта мүрдені іздестіру шараларын төрт сүңгуір жүргізіп жатыр. Алдымен үш күн бойы белсенді іздеу жұмыстары, кейін пассивті іздеу жұмыстары қолға алынады. Мүрделер табылмаса, денелердің жағаға шығуын күтуге тура келеді.

«Қайғылы оқиға тіркелген жерлер жабдықталмаған, шомылуға рұқсат етілмеген орындар болып шықты. Ал балалармен болған оқиғалар ата-аналардың немесе ересек азаматтардың қараусыз қалуы салдарынан екені анықталды. Себебі, суда қауіпсіздік ережелеріне сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған балалалар су айдындарында тек қана ата-аналармен немесе 18 жасқа толған азаматтармен болуы керек», - дейді облыстық ТЖД жедел-құтқару отряды бастығының орынбасары.

Айта кетейік, аймақтағы 32 жағажайдың 22-сі ғана ресми түрде жұмыс істеп тұр. Қалғаны жабдықталмаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер