BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Павлодар облысында 34 жастағы әйел суға батып кетті

Фото: espreso.tv

Ақтоғай ауданы, Әбжан ауылында 34 жастағы әйел суға батып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 5 тамыз күні болған.

«Ертіс өзенінің тармағында сағат 16.45-те 1984 жылы туған әйел суға батып кеткен7 Әйелдің денесін жергілікті тұрғындар сағат 18.05-те судан алып шықты. Оқиға шомылуға арналмаған жерде болған», - делінген баспасөз хабарламасында.

Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жазғы маусымда су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтап, шомылуға рұқсат етілген жерлерде ғана демалуды сұрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер