BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Өз-өзіне қол жұмсаған ақтөбелік көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе қаласының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады. Куәгерлердің сөзінше, қаладағы жеке компаниялардың бірінде қызмет еткен ол өз-өзін жарып жіберген болуы мүмкін, деп хабалайды Baq.kz аймақтық тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы оқиға кеше күндіз болған. Облыс орталығындағы жеке компанияда жұмыс жасайтын жан «өзін-өзі жарып жіберуі мүмкін» дейді куәгерлер. Ол алған жарақатынан ақтөбелік ауруханада көз жұмды.

«6-маусым сағат 12.20 шамасында облыстық ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына 312-атқыштар дивизиясы даңғылы бойында орналасқан жеке компаниялардың бірінің аумағында жарақат алған адам туралы хабарлама келіп түсті. Мәлім болғандай, Ақтөбе қаласының тұрғыны өзіне өзі қол жұмсамақ болып, дене жарақатын алған. Ол ауруханаға жеткізілді. Бірақ бірнеше сағаттан соң көз жұмды», - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-ші бабы 1-бөлімі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сот алды тергеу амалдары басталған. Бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер