BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Өзбекстанда адам саудасымен айналысқан қазақстандық ұсталды

Фото: newstracker.ru

Астана, BAQ.KZ. 27 қазанда «Майский» шұғыл іздестіру операция барысында Өзбекстан шекарасында адам саудасымен айналысты деген күдікпен 28 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы centralasian.org порталы хабарлайды.

Аталған елдің құзырлы органы таратқан мәліметке сәйкес, күдікті 3 өзбекстандыққа Алматыдағы массаж салонында жалақысы жоғары жұмысты ұсынған.

Алайда 28 жастағы әйел Қазақстанға қыздарды алдап әкеліп, жыныстық құлдыққа салумен айналысқан. Ұсталған азаматқа қатысты Өзбекстан қылмыстық кодексінің «Адам саудасы» бабы бойынша қылмыс іс қозғалды.

Ташкен қаласы ІІДББ мекемесі басқа да зардап шегушілер мен аталған қылмысқа өзгеде азаматтардың қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатқанын мәлім етті.

Сондай-ақ өзбекстандық полиция қызметкерлері адам саудасының құрбандарына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілетінін атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер