BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 344.58 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Өткен демалыста Қарағанды облысында 6 адам суға батып кетті

Демалыс күндері облыста су қоймалары мен өзен-көлдерде адам өлімімен аяқталған алты оқиға тіркелді. Барлық оқиға шомылуға арнайы жабдықталмаған орындарда болған, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

5 шілдеде Қарағанды қаласы «Радуга-1» саяжай қоғамы жанындағы жасанды су қоймасында 2004 жылы туған жеткіншек суға батты. 6 шілдеде Бұқар жырау ауданында Ақтөбе ауылынан 15 шақырымда орналасқан жасанды су қоймасынан 1981 жылы туылған ер адамның денесі шығарылды. Өлімнің себебі анықталуда.

8 шілдеде Нұра ауданында Құланөтпес өзенінде жабдықталмаған жерде шомылу кезінде 2002 жылғы бала суға батты.

Осы күні Шахтинск қаласындағы жасанды су қоймасынан 48 жастағы ер адамның және Қарағанды қаласы №33 шахта ауданындағы су қоймасынан 17 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Көлге бату оқиғасы Балқаш көлінде де орын алды. Балқаш көлінде Ақтоғай ауданының Ортадересін ауылынан 50 шақырым жерде 1992 жылы туылған ер адамның денесі табылды.

Қазіргі уақытта өлімдердің себептері және оқиғалардың жағдайлары анықталуда.

«Шомылуға тыйым салынған орындардың суға түсуге жарамсыздығына қарамастан, оларда демалушыларлардың саны күннен күнге өсуде. Көптеген қайғылы жағдайлардың дәл осы шомылуға тыйым салынған орындарда болатындығын атап өту қажет. Әлбетте, құтқарушылар мен полиция қызметметкелері балалардың шомылуға тыйым салынған орындарда үлкендердің қарауынсыз қалу фактісін назарсыз қалдырмайды. Жазғы демалыс кездерінде балалар өз-өздерімен қалады, үлкендер жағынан қадағалау аз болады. Кәмелетке толмағандарға тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін және су объектілерінде қадағалаусыз жүргені үшін әкімшілік жауапкершілік бабы туралы түсіндірілді. Осындай шаралар суға шомылу маусымы бойы барлық жерлерде өткізілуде. Бірақ, алдын алу шараларына қарамастан, рұқсат етілмеген жағажайларды адамдардың қаза болуы жағдайлары жалғасуда», - дейді Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

7 шілдеде мерекелік демалыстардың қызған кезінде Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері Шерубай – Нұра су қоймасында ауқымды іс-шара өткізді. «Қауіпсіз жаз» акциясы аясында ТЖД және Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері «Достық» демалу орны аймағында балалар үшін суға жүзуден шеберлік сабағын өткізді. Одан басқа демалушыларға суға бату және жарақат алған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету арнайы қуыршақтарда көрсетілді. Сонымен қоса, демалушылармен әңгімелесу барысында құтқарушылар судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс талаптарын түсіндірді.

Су қоймаларында адам өлімін болдырмау үшін дәл тыйым салынған орындар бойынша профилактикалық рейдттер жүргізіледі. Құтқарушылар Жергілікті полиция қызметімен бірігіп, тыйым салуға қарамастан адамдар шомылуды жалғастырып жатқан демалыс орындарын қарап өтті. Сонымен, тексерушілер бұрынғы пионер лагері, су торабы ауданы, «Жеңіс» демалыс орны, Тентек шахтасы аймақтарындағы жабдықталмаған жағалауларға барып қайтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер