BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Өткен демалыс күндері Қазақстан бойынша жиырма адам суға батты

Фото: I-travel.md

Суға батқандардың көпшілігі – балалар, деп хабарлайды Baq.kzақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

Тыйым салынған жерлерде суға түсіп, қауіпсіздік шараларын сақтамаған 20 адам суға батты. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстанда 5 адам, Қызылорда облысында 3 адам, Қарағанды облысында 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Қостанай облысында 1 адам, Ақмола облысында 1 адам, Батыс Қазақстан облысында 1 адам, Астанада 1 адам және Алматыда 1 адам суға батып, көз жұмды.

«Төтенше жағдайлар комитеті суда жүзгенде қауіпсіздік шараларын сақтау керек екендігін және тыйым салынған жерлерде суға түсуге болмайтынын тағы бір мәрте ескертеді. Сайтта жазылған қауіпсіздік шараларын сақтау ережелерін оқып шығыңыздар. Азаматтар құтқарушылардың нұсқаулығына назар аудармайтынын да атап өткен жөн», - делінген ҚР ІІМ ТЖК баспасөз хабарламасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер