Өскеменде жасөспірім жоғалып кетті - Оқиға|11 Маусым 2018, 09:40
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Өскеменде жасөспірім жоғалып кетті

Кеше 17 жастағы Ерзат Газезов «Ивушка» дүкені ауданындағы асханадан отбасымен бірге тамақтанған соң, іс-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ustinka.kz порталына сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, жасөспірім үйіне келіп, заттары мен ұялы телефонын қалдырған. Ол тек өзімен бірге жеке куәлігін алған.

Ерзат Газезов осыған дейін үйінен кетіп қалмаған.

«Ол Семейге барғысы келетінін айтқан. Бауырым психикалық ауруға шалдықпаған, сондықтан адасып кетуі мүмкін емес. Егер біреу оны көрсе, бізге немесе полицияға хабарлассыншы, өтінемін! Біз қатты уайымдап жүрміз», - дейді 17 жастағы жасөспірімнің әпкесі.

Ерзат Газезовтың бойы 160 см-ге жуық, орта денелі. Жоғалып кеткен күні оның аяғында қара кроссовки, үстінде қара футболка және қара джинсы болған.

Жоғалған баланы көрген-білгендер болса, мына телефондарға хабарласуын сұраймыз: 8-777-790-84-34 немесе 102.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер