Өскеменде велосипед ұрлаудың «хас шебері» қолға түсті - Оқиға|06 Тамыз 2018, 21:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Өскеменде велосипед ұрлаудың «хас шебері» қолға түсті

Фото: angliya.com

Өскемендегі қоғамдық орындар мен подъездерде тұрған велосипедтерді ұрлап келген қылмыскер қолға түсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Баукеспені құрықтау ұзақ уақытқа созылған. Полицейлер оны ұзақ уақыт қолға түсіре алмай жүргендерін де жасырмады. Жақсы велосипед көрсе қоймай әкететін заманауи «барымташы» 32 жасар Өскемен тұрғыны болып шықты. Бұған дейін ол сауда орталықтары мен үй ауласындағы, тіпті подъездегі шынжырлаулы велосипедтерді теуіп кеткен.

«Ұрыны тұтқындадық. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», – деп хабарлады Өскемендегі ІІБ баспасөз қызметі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер