BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Өскеменде мас әке екі баласын жоғалтып ала жаздаған

Фото: altaynews.kz

Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полициясы батальонының инспекторы Нұрболат Қахановтың арқасында мас әкенің қасында қараусыз қалған екі бүлдіршін үйлеріне оралды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полициясы батальонының инспекторы Нұрболат Қаханов демалыс күні түс ауа дәріханаға бару үшін үйінен шығады. Көздеген жеріне жақындай бере ол ер адамның қасында келе жатқан екі баланы көреді. Бірден есіне өткен күні таңертеңгі жиында төрт және екі жастағы ұлдардың жоғалғаны туралы бағдар таратылғаны түсе кетеді.

Ол бірден наряд шақырып, еркек пен балаларға жақындап, қайдан жүргендерін, ер адамның кім екенін, балалардың ата-анасы қайда екенін сұрай бастайды.

Патруль келгенше инспектор барлық жайға қанық болады. Бұл еркек балалардың әкесімен көшеде танысқан екен, әкелері болса қасында кішкентай балаларының барын ескермей, ішіп кеткен…

Балалардың ата-анасы Үржар ауданында тұрады екен. Шілде айының соңында отағасы екі ұлын ертіп, өзінің Зайсанда тұратын әке-шешесіне барады. Ол жақта жарты ай қонақ болған әке мен балалар үйлеріне облыс орталығы арқылы қайтатындарын айтып аналарына телефон шалады. Қалада тұратын туыстарын үш күн аралаған соң автобекетке кеткен олар сол күйінше үйлеріне оралмайды.

20 тамыз күні балалардың әкесі әйеліне телефон шалып, әлі қалада екендіктерін, қайтар жолға ақша жіберуін өтінеді. Сұралған ақша жіберілсе де, үйдегі ана жұбайы мен балаларын таппай қалады. Телефон сөндірулі болғандықтан барлық туыстарына хабарласқан аналары 28 тамыз күні аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазады. Осыдан кейін барлық полиция бөлімдеріне балалар мен әкелерінің жоғалғаны жайында бағдар таратылады.

Нұрболаттай инспектордың арқасында мас әкенің қасында қараусыз қалған екі бүлдіршін үйлеріне оралды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер