BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Өскеменде 15 жастағы қызды өлтіріп кетті

Фото: kaztag.kz

Оқиға кеше қаладағы 19 ықшам ауданда болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сағат кешкі 21.00-де полицияға Есенберлин даңғылы, 8/2 мекен-жайындағы көпқабатты үйдің пәтерінен жас қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен

15 жастағы жасөспірім қыздың денесі пәтерден табылып отыр. Ол колледж студенті екені анықталды.

«Денесінде зорлық белгілері бар», - деп мәлімдейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Аталған қылмыста күдікті болып танылған 18 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер