Өртеніп жатқан үйде бала құтқарылды - Оқиға|08 Тамыз 2018, 19:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Өртеніп жатқан үйде бала құтқарылды

Оқыс жағдай Қостанай облысы Қарабалық ауданында болды. Аудандық ІІБ патрульді-пост қызметінің мамандары Александр Васильков және Бауыржан Елшібаев тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама алады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі alau.kz басылымына сілтеме жасап.

Полицейлер бірден оқиға орнына келіп, өрт сөндірушілерге хабарласады.

«Үйге келгенде полиция қызметкерлері үйге кіруге тырысады. Бірақ өрттің жалыны есіктен шығып тұрған. Содан соң терезеден қарайды. Сол кезде төсекте жатқан баланы көріп қалады. Уақыт жоғалтуға болмайтынын түсініп, Васильков үйге кіріп жасөспірімді алып шығады да, сыртта күтіп тұрған Елшібаевқа береді», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Балаға еш зақым келмеген. Өрт сөндірушілер өртті толық сөндірген. Енді өрттің себебі анықталып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер