BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Оралда «Шебер» базарындағы темір жәшік ішінен ер адамның мәйіті табылды

Фото: uralskweek.kz

Бүгін «Шебер» базарында аула сыпырушылар темір жәшік ішінен ер адамның мәйітін тауып алып, полиция қызметкерлерін шақырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап.

Аула сыпырушы кеше кешқұрым базар маңын сыпырғанын, ол кезде ешқандай күдікті зат байқамағанын айтады.

«Таңертең жұмысқа келдім. Базардың қасында темір жәшік жатыр екен. Біз оны жолдан алып тастағымыз келді, бірақ оның салмағы ауыр болды. Ішін ашып қарап едік, ер адамның мәйітін көрдік. Содан кейін бірден полиция шақырдық», - дейді ол.

Оқиға орнында жүрген жергілікті полиция қызметінің басшысы мен қалалық прокурор ресми түрде қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Болған жағдайдың мән-жайы анықталуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер