Оралда көлік ұрлаған 8 жастағы балаға психологиялық сараптама жасалады - Оқиға|11 Тамыз 2018, 11:56
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Оралда көлік ұрлаған 8 жастағы балаға психологиялық сараптама жасалады

Оралда екі рет көлік ұрлаған кішкентай балаға психологиялық сараптама жасалады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап.

8 жастағы мектеп оқушысы осымен бір аптаның ішінде екінші рет көлік ұрлап, жол апатын жасады.

«Екі жағдайда да баланың арам пиғылы болған жоқ. Өзінің айтуынша мұны жасауға Никита есімді көршісі ықпал еткен. Инспекторларымыз оның үйіне барды. Отбасы толық, үлгілі, еш жерде арнайы есепте тұрған жоқ, бала немесе оның ата-анасы полицияның «көзіне» түспеген», - деді БҚО ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары Кенжебек Құспаев.

Ұрлықтан келген шығындар анықталып жатыр. Зардап шегуші ешқандай қарсылығы жоқ екені туралы өтініш жазды.

Бұған дейінгі факті бойынша балаға қатысты көлік ұрлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

«Балаға қатысты қылмыстық іс жабылады. Себебі бала қылмыстық жауапқа тартылатын жасқа жеткен жоқ. Бірақ процессуалдық шешімнен кейін оның ата-анасына қатысты әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін. Яғни олар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 127-бабы бойынша «Ата-анасының өз балаларының тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамағаны үшін» әкімшілік жауапқа тартылады», - деп хабарлады полиция қызметкері.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер