BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Оралда 9 жастағы бала бір аптада екінші рет өзгенің көлігін айдап кетті

Фото: 24kz

Оралда бірнеше күн бұрын өзгенің көлігін айдап кеткен 9 жастағы бала тағы да бейтаныс адамның көлік рөліне отырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы бала қаладағы ықшамаудандардың бірінде дүкен алдында тұрған Toyota көлігін айдап кеткен.

«Мен дүкендегі досыма кірдім. Біз біраз әңгімелесіп отырдық. Далаға шықсам, көлігім орнында жоқ. Мүмкін көліктің есігі ашық тұрған болар, бірақ көлікті оталдыратын кілт менде болған. Негізгі кілт те қалтамда еді. Ол көлікті белгісіз жолмен оталдырып алған», - дейді көлік иесі Юрий Васильев.

Көлікті жүргізіп кеткен бала көпір астындағы бағанға соғылған. Көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Бұған дейін оқушы бала Suzuki маркалы жол талғамайтын көлігін айдап кеткен. Ол кезде көлік жүргізушісі есікті ашылған күйде, ішіне кілтін қалдырып кеткен екен. Бала сол жағдайды пайдаланып қалған. Ол жолда Lada Granta көлігімен соқтығысып қалған. Оның ата-анасы балалары көлік айдап кетуі мүмкін екенін білмеген.

Баланың әкесі сол күні ұлы үйде көбейту кестесін жаттап отырғанын, одан кейін далаға қалай шығып кеткенін байқамай қалғанын айтқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер