BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Орал-Атырау трассасында болған жол апатында 7 адам зардап шекті

Орал-Атырау трассасында жол апаты болып, 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 2 қаңтар күні сағат 15:23-те Орал-Атырау трассасынан 98 шақырым жерде орналасқан Самал ауылының жанында болған.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасында мәлімдегендей, жол апаты кезінде 7 адам зардап шекті, оның ішінде 22 жастағы аяғы ауыр келіншек те болған.

«Ол облыстық клиникалық аурухананың перинаталдық орталығына өте ауыр халде жеткізілді. Өкінішке орай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

БҚО ІІД баспасөз қызметінде жол апатына «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі кінәлі екенін айтқан.

«Фольксваген» жүргізушісі «КамАЗ» көлігін басып озу үшін қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан «Киа Рио» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. 4 адам қаза тапты», - деді БҚО ІІД.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер