Оңтүстік Қазақстан тауларында туристер жиі жоғалады – ТЖК - Оқиға|14 Мамыр 2018, 14:49
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Оңтүстік Қазақстан тауларында туристер жиі жоғалады – ТЖК

Фото: podroze.dziennik.pl

Оңтүстік Қазақстан облысында туристер мен демалушылардың адасып кету жағдайы тіркелді. Өткен демалыс күндері құтқарушылар адасып кеткен туристерді іздеген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

12 мамыр күні жедел-құтқару отрядының құтқарушылары адасып кеткен екі студентті тау ішінен тапты. 13 мамырда тағы бір адам тау бөктерінде адасып кеткен.

Кейін белгілі болғандай, 1997 жылы туған жігіт қасындағы адамдарға ілесе алмай қалып, Сайрам Ұғам мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде адасып кеткен. Жоғалып кеткен жігітті іздеуге 5 құтақрушы мен 1 техника жұмылдырылған. Келесі күні сағат 09.00-де турист адасып жүрген жерінен табылды.

Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шыққан кезде ереже сақтау керек екенін ескертеді. Ең алдымен туысқандарға, одан кейін құтқарушыларға тау басына қай бағыт бойынша шығатыныңызды ескертуіңіз қажет.

Қозғалыс бағытын алдын ала анықтап, өзіңізбен бірге жылы киім-кешегіңізді және азық-түлік ала шыққаныңыз жөн. Ыңғайлы аяқ киім киіп алыңыз.Егер қасыңызда адамдар болса, топтан қалмауға тырысыңыз. Өзіңізбен бірге міндетті түрде зарядталған ұялы телефон болсын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер