BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.48
Астана:

Танысының мәйітін жасырмақ болған қызылордалық 10 жылға сотталды

Фото: oren.ru

Қызылорда облысында танысын өлтірген ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс Қызылорда облысының қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Бұл жағдай 2018 жылы 31 қаңтарда болған. Сол күні қызылордалық азамат танысымен бірге ішімдік ішкен.

«Ішімдік ішу барысында дау-дамай туындайды. Сотталушы танысының бетін қолымен де, аяғымен де ұрған. Соның салдарынан зардап шегуші оқиға орнында көз жұмған. Мәйітті жасыру мақсатында қылмыскер 50-60 сантиметр тереңдікте шұңқыр қазып, танысының денесін көміп тастаған. Одан кейін мәйітті өзі тұрып жатқан үйден 12 шақырымдық жерде орналасқан сексеуілдің ішіне жасырған», - делінген хабарламада.

Сот шешімі бойынша айыпталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қауіптілігі аса жоғары қылмыстық-түзету жүйесі мекемесінде жазасын өтейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер