BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

ОҚО-дағы атыс: кісі өлтірді деген күдікті ұсталды

Фото: sopitas.com

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласындағы атыста адам өлтірді деген күдікті ұсталды. Қылмыстық полиция қызметкерлері оны бір тәулік уақыт ішінде ұстаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BNews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сарыағаш қаласындағы атыста кісі өлтірді деген күдіктіні ұстау үшін қылмыстық полиция қызметкерлеріне бір тәулік уақыт қана кетті. Күдікті кінәсін мойындады», - деді брифинг барысында ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Садубаев.

Еске сала кетсек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы екі ауыл тұрғындарының бір-бірін жақтыртпау себебінен атыс болған. Жергілікті тұрғын көрші ауылдың тұрғынына оқ атып, ол ауруханада жан тапсырған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер