BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

ОҚО-да прокурордың экс-көмекшісі әйеліне 5 рет пышақ сұғып өлтірді

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының экс-қызметкеріне әйелін өлтірді деген күдік тағылды. Қайғылы жағдай Шымкенттегі жоғары оқу орындарының дәлізінде болған. Бұл туралы Әл-Фараби аудандық сотының судья-үйлестірушісіне сілтеме жасап Tengrinews.kz басылымы жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Әл-Фараби аудандық соты әйелін өлтірген күдіктіге қатысты екі айға қамау туралы санкция жариялады. Іс материалдарына сүйенсек, 40 жастағы ер адам әйелінің Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ оқу ғимаратындағы жұмысына барған. Кейін екеуі ұрысып қалып, ол әйелінің кеудесіне бес рет пышақ тығады.

«Ол Мұхтар Әуезов атындағы университеттің ғимаратына келеді. Ерлі-зайыпты шамамен сағат 17.30-дарда жанжалдасады. Жұмыс уақыты болатын. Сол кезде әйелінің кеудесіне бес рет ас үш пышағын тыққан. Пышақты өзі алып келген», - деді судья Ғани Байарыстан.

Судья берген деректерге сүйенсек, қайтыс болған әйел университет деканатында іс жүргізуші болған. Ал күйеуі қылмыс болған кезде жұмыссыз жүрген.

«Күдікті бұрын қаладағы аудандық прокурорлардың бірінің көмекшісі болған. Абай аудандық прокуратурасында жұмыс істеген. Қаза тапқан әйел университет деканаттарының бірінде іс жүргізуші болған. Олардың кәмелет жасқа толмаған баласы бар», - деді Байарыстан.

Ер адамға ҚР ҚК адам өлтіруге қатысты 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес айып тағылды. Санкция бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер