BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

ОҚО-да Lexus мінгендер жаяу жүргіншіні атып өлтірді

Оңтүстік Қазақстанның Арыс қаласында белгісіздер Lexus көлігінде отырып ер адамға оқ атқан. Жаяу жүргінші сол жерде қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Отырар TV» арнасына сілтеме жасап.

Арыс қаласының полицейлері ер адамды өлтіргендерді анықтады. Оқыс оқиға 9 наурыз күні болды. Полиция бөлімшесіне 1977 жылы туған марқұм азаматтың 25 жастағы туысы келіп арызданған.

Оқиға болған жерге келіп жеткен полиция қызметкерлері 41 жастағы азаматқа екі белгісіз адамның оқ атылғанын анықтады. Оқ тиген ер адам бірден оқиға болған жерде көз жұмған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды. Бір тәулік ішінде полицейлер 1985 және 1991 жылдары дүниеге келген күдіктілерді қолға түсірді. Қазір олар қамауда отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер