BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

ОҚО-да монша қызметшісінің ұлдары клиентті соққыға жығып, ақшасын ұрлады

Қызылорда облысының тұрғыны ОҚО-дағы моншалардың бірінде болған жанжал барысында жарақат алған. Ол монша қызметшісімен келіспей қалған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ОҚО Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

«Өткен жылдың қараша айында Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне аудандық ауруханаға дене жарақатымен түскен ер адам туралы хабарлама келген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жәбірленушінің 50 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны екенін анықтады. Жәбірленуші жергілікті моншаның біріне келген кезде монша қызметкерімен ұрыс туындаған. Жанжал барысында ол бірнеше жарақат алған», - делінген хабарламада.

Ведомствода мәлімдегендей, монша қызметкерінің үш ұлы әйелге көмекке келіп, клиентті соққыға жыққан және оның 170 мың теңгеден астам қаражатын тартып алған. Полиция қызметкерлері 1980, 1982 және 1992 жылы туған күдіктілерді ұстаған. Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа жолданған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер