BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

ОҚО-да дүкеннен 50 млн теңге ұрлап кеткен қарақшылар ұсталды

Қазанның 2-нен 3-іне қараған түні шамамен сағат 02.00-де Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Әл-Фараби полиция бөлімінің кезекшісіне Ескі қалашық мөлтекауданындағы дүкенде ұрлық жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген Әл-Фараби полиция бөлімінің жедел тергеу тобы белгісіз тұлғалар құрылыс дүкеніне кіріп, 50 миллион теңге ақшасын ұрлап кеткенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы («Ұрлық») бойынша Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестріне тіркелді. Осы қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы жасақталды.

Әл-Фараби полиция бөлімі жедел ізкесушілері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 5 күдікті азаматтың 3-уін ұстады. Олардың барлығы да Шымкент қаласының 1994, 1992 және 1989 жылы туған тұрғындары. Ұсталғандардың бірі дүкеннің жұмысшысы болып шықты. Айғақты зат ретінде 8 000 000 теңге ұрланған ақшаның бір бөлігі мен күдіктілердің қылмыс жасаған автокөлігі тәркіленіп алынды. Ақша заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел ізкесушілер қылмыс жасаған қалған күдіктілерді іздестіруде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер