ОҚО-да бір күнде екі шенеунік ұсталды - Оқиға|05 Желтоқсан 2017, 09:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

ОҚО-да бір күнде екі шенеунік ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында бір күнде екі шенеунік ұсталды, олардың бірі денсаулық сақтау саласында, ал екіншісі әділет саласында қызмет еткен, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Оларды ұстау бойынша операцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өңірлік департамент қызметкерлері жүргізді.

«Жеке кәсіпкерлерден қоғамдық тамақтану сауда орталықтарын ашуға жағымды қорытынды беру үшін және кәсіпкерлік қызметіне астыртын дем беру үшін жүйелі түрде 600 мың теңге пара алғаны үшін ОҚО Сайрам аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы П.Өтепов пен осы ауданның әділет басқармасының басшысы З.Түйнебаев ұсталды», - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Сот қаулысымен олар Шымкент қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер