Ресейдегі ұшақ апатында ОҚО тумасы қаза тапты - Оқиға|13 Ақпан 2018, 16:22
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Ресейдегі ұшақ апатында ОҚО тумасы қаза тапты

Фото: Газета.Ру

Мәскеу маңында апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында Оңтүстік Қазақстан тумасы Сергей Панченко болған. Экипаж мүшелері, жолаушыларымен бірге ол да қаза болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Сергей Панченко 1973 жылы дүниеге келіп, ОҚО, Ақсу ауылында туып-өскен. Әріптестері оның мезгілсіз қаза болуына байланысты туған-туысқандарына көңіл айтты. Ол 1996 жылы Омбы мемлекеттік техникалық университетінің полиграфиялық бөлімін «Технологиялық инженер» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Мәскеу қаласындағы «Жоғары экономика мектебі» Ұлттық ғылыми-зерттеу университетін «Жалпы және стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша бітіріп, MBA дәрежесін және «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша DBA дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1996 жылы Норильск қаласындағы Норильск комбинатында механик, содан кейін баспахана мен редакциялық-баспа кешенінің бас инженері, инженер-механик ретінде бастаған. 2007 жылы медиакомпанияларда жұмыс істеген. 2017 жылдан бастап «Норильск даму агенттігі» автономды коммерциялық емес ұйымын басқарған.

Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Норильск қаласындағы департаменті жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, Президенттік гранттар қорының сарапшысы, қайырымдылық бағдарламасының сарапшысы болған.

Сергейдің артында әйелі мен екі баласы қалды.

Ұшақта Орск қаласының қазағы да болған еді. Оның әріптесінің айтуынша, Темірлан Ақназаров вахталық жұмысынан кейін үйіне қайтып келе жатқан. «Саратов әуе жолдары» Ан-148 жолаушылар ұшағы 11 ақпан күні күндіз апатқа ұшырады. Бортында 71 адам бар лайнер Домодедово әуежайынан Орск бағытына ұшқан. Төрт минуттан кейін ұшақпен байланыс үзілген. Ұшақтың бөлшектері Мәскеу облысының Раменское ауданындағы жазығынан табылған. Лайнердегі ешбір адам тірі қалмаған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер